
Қазақстандықтардың 71%-ы денсаулық мәселесінде жасанды интеллектіні пайдаланады
Алматы, 2026 жылғы 7 қазан. STADA фармацевтика компаниясы адамдардың өз денсаулығына деген көзқарасы мен денсаулық сақтау саласындағы өзгеріске арналған STADA Health Report 2026 халықаралық зерттеуінің нәтижесін таныстырды. Жасанды интеллектінің қарыштап дамуы — биылғы жылдың басты үрдістерінің біріне айналды: Қазақстан тұрғындарының 71%-ы оны денсаулық мәселесінде пайдаланады, ал зерттеуге қатысушылар арасындағы орташа көрсеткіш — 55%. Сонымен қатар Қазақстан ЖИ көмегімен медициналық кеңес алуға дайындық деңгейі бойынша зерттеуге қатысқан 20 елдің ішінде бірінші орынға шықты: ел тұрғындарының 74%-ы мұндай мүмкіндікті белгілі бір жағдайларда қарастыруға дайын. Дегенмен технологияға жоғары қызығушылық дәрігер көмегінен бас тартуды білдірмейді. Қазақстандықтардың басым бөлігі ЖИ-ді медицина маманын алмастыратын құралдан гөрі, оған көмекші ретінде қарастырады.
Жаңалықты оқу →