<link rel="stylesheet" href="/css/modules/static-nojs.css">
STADA қаласының тарихи картасы

STADA 1895-2022

ТАРИХЫ:

STADA тарихы 1895 жылы 14 наурызда неміс қаласы Дрезденде басталды. Жергілікті фармацевттер қауымдастыққа бірлесіп, тиімді және арзан қоғамдық денсаулық сақтауды қамтамасыз ететін стандартталған препараттар шығарды.

ТАРИХЫ:

1895

STADA тарихы 1895 жылы 14 наурызда неміс қаласы Дрезденде басталды. Жергілікті фармацевттер қауымдастыққа бірлесіп, тиімді және арзан қоғамдық денсаулық сақтауды қамтамасыз ететін стандартталған препараттар шығарды.

1935

Неміс фармацевтика қауымдастығы өндірісте бірыңғай көзқараспен жұмыс істеді. Дәрілер әртүрлі дәріханаларда әзірленді, бірақ бірыңғай рецептімен, сәйкестендірілген орамада, бірдей бағаға сатылды. Осылайша St.d.A - Standard Arzneimittel die Deutscher аббревиатурасы пайда болған, бұл қазақ тіліне аударғанда «неміс дәріханалары препараттарының стандарты» дегенді білдіреді. Және сауда маркасы ретінде тіркелген.

1954

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде екі – Оңтүстік және Солтүстік компанияға бөлінген STADA, 1954 жылы қайтадан бірігіп, Франкфурт-на-Майнеден алыс емес Бад-Фильбель қаласында орнығады.

1961

STADA жаңа деңгейге шығады: дәрілік препараттарды Франкфурт-на-Майне қаласының маңайындағы өндірістік алаңда өнеркәсіптік масштабта өндіруге кіріседі. (бұрынғыдай, дәріханаларда емес)

1970

STADA үшін түбірлі өзгеріс жылы болды. Компания акционерлік қоғам ретінде қайта құрылды, бұл оның дамуына жаңа серпін берді.

1975

Компания генерикалық (патентсіз дәрі- дәрмек) препараттарды өндіру мен оларды сатуға ден қоюға шешім қабылдады.

1986

STADA Европа мен Азияда өкілдіктерін ашуға, сонымен қатар қосылу мен жұтылудың белсенді стратегиясына байланысты халықаралық қатысуын кеңейте бастады.

1993 – 2000 ж. аралығында

Өзінің 100 – жылдығында бизнесі көтеріңкі жағдайда. Компания сату көлемі бойынша неміс өнеркәсібінің жетекші ондығына кіреді. 1997/1998 жылдары IPO жүргізілді. Компания жұмысының негізгі бағыты дженериктер мен рецептсіз препараттар өндіру. STADA өзінің интернационалдық стратегиясын дәйекті түрде жүргізуді жалғастырып, ғаламдық серпінді ойнаушыға айналуда.

2005 - 2010 ж. аралығында

STADA, Топ үшін стратегиялық маңызды болып табылатын, Hemofarm AG серб компаниясын сатып алады. STADA еншілес компаниясы бірінші биосимиляр ұсынады. STADA табыстылықпен бірінші корпоративтік облигацияларын ұсынады.

2010 – 2015ж. аралығында

STADA, Топқа өте маңызды болған, фирмалық өнімдердің өндіріс саласында табысты сатып алу жұмыстарын жүргізді. Бүкіл Топтың аясындағы шыққан қаражаттың тиімділігін арттыру жөніндгі "STADA – болашақты құру" бағдарламасы кесте уақытынан бұрын табысты аяқталды. STADA Thornton & Ross британиялық өндірушінің рецептісіз тауарларын сатып алады.

2019 – 2020 ж. аралығында

STADA AG Walmark, GSK мен Takeda ірі мәмілелерінің жабылуына байланысты Орталық және Шығыс Европа, Ресей және Евразия нарықтарындағы жайғасымын күшейтті. STADA Consumer Healthcare сегментінің көшбасшысы атанды.

2022

STADA Specialty бағыты бойынша бизнесті күшейтуді жалғастыруда. Компания тұрақты даму туралы бірінші ғаламдық есепті ұсынды және 10 % тұрақты фармацевтикалық компаниялар санына енді.

STADA сайттарында сайттың жұмысына әсер етпейтін кейбір cookie файлдары пайдаланылуы мүмкін. Біз оларды жеке пайдаланушылардың әрекеттерін бақылау немесе олардың кім екенін анықтау үшін емес, сайттардың қалай пайдаланылатыны туралы пайдалы мәлімет алу үшін қолданамыз. Бұл сайт жұмысын пайдаланушыларға ыңғайлы етуге көмектеседі. Cookie файлдарын пайдаланатын жүйелерден алынған білім бізге тиісті қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді. Келушінің веб-сайтты пайдалануы туралы ақпарат STADA Arzneimittel AG тобының басқа компанияларына берілуі мүмкін. Cookie файлдарын жою немесе басқару туралы ақпарат мына сайтта қолжетімді:

aboutcookies.org