Артқа

STADA Health Report 2022

Ковид дәуірінде адамдардың денсаулығына деген қамқорлық

2022 жылдың көктемінде әлем екі жылдық COVID-19 пандемиясынан кейін қалпына келді. Жаппай вакцинация және ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы ковидтік шектеулерді ішінара, кей жерлерде толық алып тастауға мүмкіндік берді. Алайда осы уақытқа дейін көптеген адамдардың өмір салты түбегейлі өзгерді. Мүлдем басқа жаһандық сын-қатерлер мен міндеттер пайда болды.

Мұның бәрі адамдардың денсаулығына деген көзқарасына қалай әсер етті? Өмір салты қаншалықты өзгерді? Өзімізге көбірек қамқорлық жасай бастадық па?. Ұйқымызды жақсарттық па? Қазіргі заманғы цифрлық шешімдер бізге бұл жағынан қаншалықты көмектеседі? Жалпы адамдар өздерін физикалық жағынан ғана емес, психологиялық жағынан да қалай сезінеді? Әртүрлі елдердегі денсаулық сақтау жүйелері COVID-19 пандемиясы кезеңінен қаншалықты сәтті өтті? Денсаулық мәселелерінде біз кімге сенеміз? Осы сұрақтарға жауапты STADA Health Report 2022-ден таба аласыз.

1
2
3
4
5
6
7

Психологиялық саулық және стресс

Коронавирус бүкіл әлемдегі адамдардың психикалық тепе-теңдігіне қатты соққы берді. Бәріміздің сынақтан өтуімізге тура келді: локдаундар, қозғалысты және достармен байланысты шектеу, жақын адамдарымызды уайымдау және ауырып қалудан үнемі қорқу. Мұны STADA Health Report нәтижелері растады: сауалнамаға қатысқан Қазақстан тұрғынының 34%-ы пандемия кезінде стресс деңгейінің жоғары болғанына шағымданды. Еуропа бойынша орташа көрсеткіш 37%-ға жетті.

Пандемия психологиялық проблемаларды көбейткені сөзсіз, бұл тиісті медициналық көмекке қол жеткізудегі қиындықтарға байланысты емес. Алайда бұл құбылысты тек Covid-19 деп айту қателік болар еді.

  • Қазақстан тұрғындарының 34%-ы пандемия кезінде стресс деңгейінің жоғары болғанына шағымданды.
  • Қазақстанда сауалнамаға жауап бергендердің 48%-ы психологиялық жағдайын қалыпты деп, 39%-ы жақсы немесе өте жақсы деп бағалады.
  • Қазақстандағы респонденттердің 21%-ы эмоционалдық күйзелуге жақын екенін айтқан.

Қазақстанда тұрғындардың 39%-ы өздерінің психологиялық саулығының жай-күйін жақсы немесе өте жақсы деп бағалады, бұл 15 қатысушы ел бойынша орташа көрсеткіштен төмен (57%). Ең жоғары көрсеткіштер Румыния мен Швецияда (71%-дан).

Қазақстандағы сауалнамаға қатысушылардың 48%-ы үшін өздерінің психологиялық жай-күйі қалыпты. 8%-ы өздерінің психологиялық саулығын нашар немесе өте нашар деп бағалайды.

Қазақстандағы сауалнамаға қатысушылар өз проблемаларын достарымен және отбасы мүшелерімен (37%) талқылауды жөн көреді. Тек 27%-ы психологқа немесе психиатрға жүгінеді. Тағы 13%-ы жалпы практика дәрігеріне барады, 10%-ы жағдайды серіктесімен талқылайды, 4%-ы анонимді сенім телефонына қоңырау шалады немесе әріптестерімен сөйлеседі. 33%-ы уайымын ешкіммен бөліспейді.

сы сұрақтарға жауап берген еуропалықтар психологиялық саулық туралы сөйлесуге дайын екендіктерін жиі айтты. Көбісі серіктеспен (40%), психологпен (40%), терапевтпен (40%), жақын досымен немесе отбасы мүшесімен (38%) сөйлескенді жөн көреді.

Хобби және достармен кездесу психологты алмастыра алады

Қазақстан тұрғындары өздерінің физикалық денсаулығын ғана емес, психологиялық жағдайын да бақылауға тырысады. Әркімнің психологиялық денсаулықты қорғауда өзіндік рецепті бар: 52% тек қол жеткізуге болатын мақсаттарды таңдауға тырысады, 50% толық демалуға тырысады, тағы 49% хоббиге, жеке мүдделеріне, отбасымен және достарымен қарым-қатынасқа көбірек уақыт бөледі.

Work-life теңгерімін сақтау қажеттілігі туралы 45%, тағы 43% ― өзіне және өзінің әл-ауқатына қамқорлық жасау қажеттілігі туралы, ал 19% жаттығулар мен физикалық белсенділікті қалайды.

Әрбір екінші адам (48%) психологиялық жағдайды жақсарту үшін ұйқы режимін сақтауды қажет деп санайды. Бұл Еуропадағы орташа деңгейден (42%) жоғары. Рейтинг бойынша орташа көрсеткіш 53% кезінде сауалнамаға қатысқандардың 39%-ы дұрыс тамақтану туралы айтты. Әрбір төртінші адам дәрумендер мен минералды қоспаларды қолдану көмектесетініне сенімді, ал еуропалықтар арасында бұл 31% болды.

Көптеген адамдар бұл мәселеде физикалық белсенділікті арттыру қажеттілігіне бейім: 21% тыныш сабақтарды (йога, пилатес және т.б.), 19% жоғары кардиожаттығуларды (жүгіру, жүзу және т. б.) қаласа, 18% жай медитация жасайды.

Психологиялық жағдайды жақсарту үшін дәрі-дәрмектерді қолданудың кең таралған нұсқалары. Әрбір оныншы адам өзінің психологиялық саулығын жақсарту үшін дәрігер белгілеген дәрі-дәрмектерді, ал әрбір жиырмасыншы адам дәрумендер мен ББҚ қабылдайды.

Эмоционалды күйзеліске келетін болсақ, Қазақстан тұрғындары арасында әлі де жоғары деңгейде. Жауап бергендердің 21%-ы эмоционалды күйзеліске жақын екенін сезінеді, ал 16%-ы оны бастан кешкеніне сенімді. Бұл Еуропа елдері бойынша орташа деңгейден (тиісінше 18 және 15%) біршама жоғары.

Ресми медицинаға деген сенім

Осы екі жыл ішінде БАҚ, әлеуметтік желілер, жақын адамдар мен достар сияқты түрлі ақпарат көздері қаптап кетті. Бұл ақпараттық шуыл кезінде сенуге болатын расында да, дұрыс ақпарат көзін табу қиынға соқты. Денсаулық сақтау мәселелерінде адамдар кімге сенеді? Осы уақыт ішінде олардың ресми медицинаға деген сенімі нығая түсті ме?

  • Сауалнамаға қатысқан Қазақстан тұрғындарының 61%-ы ресми медицинаға сенеді.
  • Қазақстандықтардың 47%-ы денсаулық сақтау мәселелерінде ғалымдарға үлкен сенім артады.
  • Қазақстан респонденттерінің 90%-ы дәріханада картамен немесе байланыссыз тәсілмен төлем жасау мүмкіндігіне ие болғысы келеді.

Екі жылға созылған пандемия кезінде ақ халатты абзал жандар көптеген адамдардың өмірін сақтап қалды және қоғам оны көзімен көріп отыр. Сауалнамаға қатысқан Қазақстан тұрғындарының 61%-ы ресми медицинаға, яғни дәрігерлік кабинеттер мен ауруханаларда алынатын қызметтер мен кеңестерге сенеді. Еуропа бойынша орташа көрсеткіш 86%-ды құрады. Ресми медицинаға сенетін Қазақстан тұрғындарының 35%-ы Интернеттегі ақпаратты қайта тексереді. Сауалнамаға қатысушылардың тағы 17%-ы емнің балама әдістерін (мысалы, гомеопатия және акупунктура) білгісі келетіндерін мойындады.

Ел зерттеуге алғаш рет қатысып отыр, сондықтан нақты көрсеткіштердің динамикасын бақылау қиын. Бірақ ресми медицинаға деген сенімнің жоғары деңгейі көптеген мемлекеттерге тән. Бұл көрсеткіш бойынша Португалия мен Испания көш бастап тұр (93%-дан).

Денсаулық мәселесінде ғалымдарға сенім артады

Денсаулық мәселелерінде еуропалықтар жалпы практика дәрігерлеріне сенім артады – сенім деңгейі 65%-ды құрайды. Қазақстандықтар денсаулық мәселесінде ғалымдарға (47%) көп сенім артады, екінші орында жалпы практика дәрігерлері (41%) тұр. Сондай-ақ эпидемиологтар (40%), фармацевттер (33%) және медициналық қызметкерлер (25%), соның ішінде әртүрлі мамандық дәрігерлері (терапевт емес), аурухана қызметкерлері және кіші медициналық қызметкерлер сенім деңгейі бойынша алғашқы бестікке кірді. Содан кейін мамандандырылған БАҚ және пікір көшбасшылары (әрқайсысы 21%-дан), фармкомпаниялар (20%) тұр.

Бір қызығы, сенім деңгейі жасқа байланысты өзгереді. Сонымен 18-24 жас аралығындағы жауап берген адамдар тобының 59%-ы денсаулық сақтау мәселелерінде ғалымдардың ақпаратына көбірек сенеді , 52% терапевтерді тыңдайды, ал 46% вирусологтардың көзқарасын дұрыс деп санайды. 45-55 жастағылардың тек 43%-ы ғалымдарға көбірек сенім артады, содан кейін жалпы тәжірибелік дәрігерлер (38%) және фармацевттер (31%) тұр. Бұл ретте 55 және одан жоғары жастағы адамдар денсаулық мәселелерінде эпидемиологтарға сенеді (48%).

Еуропадағы орташа мәнге келетін болсақ, көпшілік жалпы тәжірибелік дәрігерлер (65%) мен ғалымдардың (61%) ақпаратына сенеді. Үшінші орынға 60% көрсеткішпен басқа медицина қызметкерлері (терапевт дәрігерден басқа), аурухана қызметкерлері және кіші медицина қызметкерлері шықты. Фармацевттердің ақпаратына еуропалықтардың 57%-ы сенеді екен.

Қолданбалар мен сайттар арқылы дәрі-дәрмектерге тапсырыс берудің ыңғайлылығы

Қазақстанда сұралғандардың 55%-ы өздерінің дәріханаға барған сапарларына риза екенін айтты, бұл жалпы Еуропа бойынша орташа көрсеткіштерге сәйкес келеді (56%) және 15 елдің арасында жетінші орынды қамтамасыз етеді. Алайда респонденттердің тек 7%-ы провизорларға аптасына бір рет немесе одан да жиі кіреді, 24%-ы мұны айына екі-үш рет жасайды. Әрбір төртінші адам ай сайын дәрі-дәрмек алуға барады. Тағы 24%-ы дәріханаларға 2-3 айда бір рет кіреді, ал 21%-ы одан да сирек барады екен.

Дәріханалар қандай қызметтер көрсетуі тиіс деген сұраққа Қазақстан респонденттерінің 90%-ы картамен немесе байланыссыз тәсілмен төлем жасау мүмкіндігін таңдаған. Тағы 88%-ы қолданба арқылы, ал 87%-ы онлайн тапсырыс бергісі келетінін таңдады.

Курьерлік жеткізу (86%), фармацевтерден жеке кеңес алу (73%) және рецептуралық препараттар (71%), COVID-19 жедел тестілеу (70%) нұсқалары танымал болды. Тағы 71% дәріханада стандартты рецепт бойынша дәрі-дәрмектердің белгілі бір санатына рецепт алу мүмкіндігін жақтады (мысалы, созылмалы ауруларды емдеу кезінде). Респонденттер медициналық тексерулерді (қан қысымын өлшеу, медициналық маманның кеңесі), дәріханалар негізінде дәрістер мен семинарлар ұйымдастыруды (38%) біршама маңызды деп санады.

Тек 35%-ы дәріханада вакцинациядан өту мүмкіндігін жақтады, бұл Еуропадағы орташа деңгейден екі есе төмен (62%).

Бір қызығы, 18-24 жас аралығындағы жастар үшін картамен (91%) төлем жасау және онлайн режимде (90%) тапсырыс беру маңызды. Жасы үлкен адамдарға (35-54 жас) онлайн төлем жасаумен қатар (92%) қолданбаны да пайдалану, тауарларды көру және тапсырыс беру маңызды (89%), ал жауап берген 70 жастан асқан адамдар бірінші орынға курьер арқылы жеткізуді таңдады (82%).

2022 жылы іріктеу және әдістеме

2022 жылы STADA InSights Consulting зерттеу компаниясын тарта отырып, қайтадан халықаралық сауалнама жүргізді. Ол онлайн-сауалнама арқылы 2022 жылдың наурыз-сәуір айларында 15 елде жүзеге асырылды: Австрия, Бельгия, Чехия, Франция, Германия, Италия, Нидерланды, Польша, Португалия, Сербия, Испания, Швейцария, Ұлыбритания, Румыния.

2022 жылғы зерттеудің ерекшелігі – дәл осы жылы оған алғаш рет Қазақстаннан респонденттер қосылды.
Әр елде 2000-ға жуық адамнан сауалнама алынды.
18 жастан бастап барлығы 30 000 адамнан сауалнама алынды.
Сауалнама сегіз санат бойынша 43 сұрақтан тұрды.

Алдыңғы Heath Report деректері

29%
Қазақстандықтардың 29%-ы ұйқы жағынан қиналады
1
52%
Қазақстандықтардың 52%-ы болашақта түшкіретін және жөтелетін адамдардан аулақ жүруге ниетті
2
26%
Коронавируспен ауырған қазақстандықтардың 26%-ы қалжырайтынын және қатты шаршайтынын көрсетті
3
87%
Қазақстандықтардың 87%-ы үшін дәрі-дәрмектерге онлайн тапсырыс беру мүмкіндігінің болуы маңызды
4
16%
Қазақстандықтардың 16%-ы кем дегенде бір рет эмоционалдық күйзелісті бастан кешкеніне сенімді.
5
68%
Қазақстандықтардың 68%-ы ауыр емес немесе қайталанған аурулар кезінде дәрігердің онлайн-кеңесіне риза
6
73%
Қазақстандықтардың 73%-ы дәріханада денсаулыққа байланысты тақырыптарға фармацевтердің жеке кеңестерін алуға дайын екендіктерін білдірді
7
eo